Меню KDT

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

BILIMLAND

block2_eop.png?_=1461907058

введите текст

Әліппе шет қалатын мәселе ме?

Тіл мәселесі – бұл  ұлттың ұлт болып қалу қалмауы мәселесі  екені баршамызға мәлім. Сондықтан оның әліпбиінің қандай болуы  да  бейжай қарайтын нәрсе емес,  ұлт болып шешетін мәселе.   Оған халықтың үн қатып,  пікірлерін білдіріп  талқылауы  құптарлық жағдай. Қазақ тілін латын әрібіне негізделген жаңа әліпбиге көшіреміз деген әңгіменің сөз болып жатқанына да аз уақыт болған жоқ. Ғалымдарымыз оны тәуелсіздік алғаннан бері  айтып келеді. Латын әліпбиі қазаққа жат әліпби емес. Оны қазақ білмейді деп айтудың да қажеті болмас. 1929-1940 жылдары осындай  әліпбидің болғанын тарихтан білеміз.

Әлемнің 80 пайызы латын әліппесімен жазатын заманда, оған көшу біздің тіліміздің болашағына  сеніммен қарауға жол ашары сөзсіз. Тарихи ауқымда бұның маңыздылығын  дәл қазір бағалау  қарапайым халыққа оңайға соқпайды. Жаһандану жағдайында жойылып кетпеу үшін, жаңа технологияларды тез   меңгеріп, күнделікті тұрмысқа енгізіп, білімде  арқада қалмау үшін қолдану,  осы тұрғыдан алғанда латын әліпбиіне көшуді  дамудың кілті деп қарау   керек деген пікірлер көп айтылған ойдың түйіні сияқты. 

 Елбасымыз таңдау жасап, талқыға салуға мүмкіндік беріп тұрғанда, тұғыры биік тәуелсіз Қазақстанымыздың азаматы ретінде менің де өз  таңдауымды жасағым келеді.Меніңше, әрбір дыбысты бір таңбамен бергені дұрыс.Бұлай ету  көпшіліктің де  көңіліне көбірек қонатын сияқты. Себебі кейбір сөздерді  екі таңбамен жазғанда қазақы әріптердің «ә»-нің - ае, «ө» –нің   -ое,  «ү»-нің  - ие деп берілуі  көпшілік арасында қолайсыз жағдайлар туғызуы мүмкін. Екі әріптің бір дыбысты таңбалауы,  бір дыбысты беруі халықаралық әліпби әлемінде бар болса да біздің  төл сөздерімізді оқуда, бұрын бұл әріптерді  бір дыбыс ретінде қабылдап жүрген соң басқаша ерсі болып көрінері анық. Қосарланған дыбыстар әсіресе  дауысты дыбысқа  келмейтін сияқты. Мысалы «әлем» деген сөзді оқитын болсақ «аеlem» болып шығады. Тағы сол сияқты  

Әрине, ұлт үшін маңызды мәселелердің бірі болып отырған латын әліпбиіне көшу оңды  шешім табуына ғалымдардың, кәсіби мамандардың  пікірлері ескеріліп, бұл салада тәжірибесі бар елдердің  тәжірибелеріне қарап, салыстыра отырып кемшін тұстары толықтырылып жасалса көпшіліктің қолдауын табар  еді.

Автор: Самбаева Б.Ш.

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь